Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 30 Сәуір, 2020

Алматы облысының Жаркент қаласында карантин енгізіледі

Кеше Алматы облысы Жаркент қаласында COVID-19 инфекциясының 1 жағдайы тіркелді. Эпидемиологиялық тексеру барысында 1989 жылы туған азаматтан КВИ анықталған. Осыған байланысты Панфилов аудандық бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысымен Жаркент қаласы 30 сәуір сағат 00.00-ден бастап карантинге жабылады, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. Пациент Шелек ауылындағы аудандық ауруханасына жатқызылды. Оның 15 адаммен қарым-қатынаста болғаны анықталды. Олардың барлығы Панфилов аудандық ауруханасының провизорлық бөліміне карантинге алынды. Эпидемиологиялық тексерулер жалғасып жатыр.

886 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз