Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 30 Сәуір, 2020

Коронавирус: Елордада жағдай тұрақталып келеді

[caption id="attachment_99467" align="alignnone" width="700"] Фото: B.Thissen[/caption] Мамыр айында елордада коронавирус инфекциясы бәсеңдеуі ықтимал. «Елордада жағдай тұрақталып келеді. Мәселен кейінгі екі күнде айтарлықтай жұқтырғандар аз тіркелді. Бұл алдын алу жұмыстарының арқасы десек болады. Қазір қалда азаматтарды экспрес-тесттерден өткізіп жатырмыз. Егер жұқтырғандар анықталып жатса – ол дұрыс. Яғни, алдын алу жұмыстарын да бұл жағдайда тезірек жүргізе аламыз», - деді Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова Денсаулық сақтау министрлігінің Facebook-тегі парақшасында берген сұхбатында. Басқарма басшысының айтуынша мамыр айында елордада коронавирус инфекциясы бәсеңдеуі ықтимал. «Кейінгі тәулікте жұқтыру бойынша өсім 2,6 пайыздық деңгейде болды. Ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. Коронавирус инфекциясы бәсеңдеп, азаматтарымыз тезірек қалыпты өмірге қайтып келер деген үміттеміз», - деді ол. inform.kz

626 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз