Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 30 Сәуір, 2020

Алматыда коронавирусқа жүргізілетін тест саны артады

[caption id="attachment_99479" align="alignnone" width="1580"] Фото: inaktau.kz[/caption] Алматыда коронавирусқа жүргізіліп жатқан тесттер саны күніне 2,5-3 мыңға жеткізілетін болады. Бұл туралы Алматы қаласының мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин айтты. Оның айтуынша, коронавирусты анықтау бойынша осы уақытқа дейін 46 мың тест алынып, зертханада талдау жасалды. «Қазіргі уақытта күніне 2 мыңдай тест жүргізілуде, бұл көрсеткішті 2,5-3 мыңға дейін жеткізуді көздеп отырмыз. Сынамалардың нәтижесі бір күн ішінде дайын болады. Осы аралықта 11 мыңдай медицина қызметкерінен тест алынды. Сонымен қатар, медицина қызметкерлерінің коронавирусты жұқтырып алмауына бағытталған ережелер мен талаптар да күшейтіліп отыр»,– деді Жандарбек Бекшин. Сонымен қатар, ол Алматыда 6 зертхана ПТР диагностикасы бойынша жұмыс істейтінін атап өтті. inform.kz

778 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз