Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 02 Мамыр, 2020

Түркістанда техногенді төтенше жағдай режимі жарияланды

Түркістан облысында екі ауылды су басуына байланысты техногенді төтенше жағдай режимі жарияланды. Осыған байланысты Төтенше жағдайлар комитетінде шұғыл штаб жұмыс істеп жатыр. Оған комитет басшысы Владимир Беккер төрағалық етеді. Жағдайды бақылауда ұстау үшін оқиға орнына Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин мен Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Сергей Громов және Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілі аттанған. Апаттық құтқару жұмыстарына Түркістан облысынан 267 құтқарушы және 26 техника тартылған. Сондай-ақ Шымкенттен 300 әскери және 28 техника барды. Ұзынағаш елдімекеніндегі Ұлттық ұланнан 460 әскери дайын тұр. Естеріңізге сала кетейік, 1 мамырда Сардоба су қоймасы бөгетін су шайып кетуіне байланысты Өзбекстанның Сырдария облысындағы елдімекенді су басты. inform.kz 

1757 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз