Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 02 Мамыр, 2020

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ РЕЖИМІН АЛЫП ТАСТАМАЙДЫ!

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусқа байланысты жарияланған төтенше жағдай режимін алып тастамайды. Бұл туралы брифингте ұйымның бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус айтты. «Мен осыдан үш ай бұрын төтенше жағдай жөніндегі комитеттің отырысын өткізіп, олардың нұсқауын алдым. Содан кейін жаһандық төтенше жағдай режимін жарияладық. Бұл – ДДСҰ үшін қауіптің ең жоғары деңгейі», - деді Т. Гебрейесус. Бейсенбіде ұйымның төтенше жағдай жөніндегі комитеті қайта жиналып, вирустың даму барысына баға берді. «Әрине, әзірге індет денсаулық сақтау саласындағы халықаралық маңызы зор төтенше жағдай болып қала береді», - деп атап өтті Тедрос Адханом Гебрейесус. Оның айтуынша, халықаралық медицина-санитарлық ережелерге сәйкес, төтенше жағдай комитетінің отырысы 90 күннен кейін немесе қажет болған жағдайда одан ертерек қайта өтуі мүмкін.

1070 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз