Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 04 Мамыр, 2020

Данияр Елеусінов жайлы деректі фильм жарыққа шықты! (видео)

Әуесқой бокстан Азия және Олимпиада ойындарының жеңімпазы атанған Данияр Елеусінов, бүгінде кәсіпқой бокста сәтті өнер көрсетуде. Кәсіпқой боксқа бет бұрған Данияр Маратұлы осы уақытқа дейін 9 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. "Kazakh Thunder", яғни қазақ найзағайы лақап атымен АҚШ-та танымалдылығы артып келе жатқан отандасымыз қазіргі уақытта boxrec.com сайтының мәліметі бойынша, өз салмағында 2173 боксшының ішінен 37-ші орынға жайғасқан. "Kazakh Gold | Daniyar Yeleussinov's journey in the pro ranks" атты 7 минуттық фильмде Данияр Елеусіновтің кәсіпқой бокс әлеміне жасаған алғашқы қадамдары мен жарқын жеңістері баяндалады. Бүгінде қазақ боксшысы әлемге әйгілі промоутер Эдди Хирнмен келісім шарт жасаған. Оның жекпе-жектерін DAZN телеплатформасы тікелей эфирден көрсетіп келеді. Спортшының жеке бапкері - әкесі Марат Елеусінов . Менеджері - Зия Алиев. Коронавирус індетіне байланысты қазіргі уақытта АҚШ-та барлық бокс кештеріне шектеу қойылды. MGM National Harbor аренасында 17 сәуірде отандасымыз жекпе-жек өткізуі тиіс еді. Алдағы уақытта дүниежүзіндегі жағдай қалыпқа келген соң, Данияр Елеусінов Джулиус Индонгомен қолғап түйістіреді. Назарларыңызға қазақтың талантты былғары қолғап шебері жайлы деректі фильмді ұсынамыз! Бексұлтан Нұрланұлы https://youtu.be/aIv-NnKRG0E

1035 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз