Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 04 Мамыр, 2020

Ресейде жүрген қазақтар еліміздің қай өңірлеріне жеткізіледі?

Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова Ресейде жүрген қазақстандықтар еліміздің қай қалаларына жеткізілетінін айтты. «Денсаулық сақтау министрлігі Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп, Ресейде жүрген біздің азаматтарды қайтару мәселесін пысықтауда. Осы орайда бірлескен жоспар әзірленіп, онда азаматтарымызды әуе, теміржол көліктерімен әрі автобус арқылы алып келу қарастырылған. Қазіргі кезде тізім мен қозғалыс бағдарлары нақтылануда. Әзірге, осы бағдарлар Нұр-Сұлтанға, Алматыға, Шымкентке, Қостанайға және Ақтауға бағытталған. Бұл соңғы тізім емес, себебі бағдарлар мен азаматтар саны әлі де пысықталуда», - деді А. Есмағамбетова онлайн баспасөз мәслихатында. Оның сөзіне қарағанда, Қазақстанға оралғысы келетін барлық азаматтар елшіліктің көмегіне жүгінеді. Осыдан кейін елшілік Сыртқы істер министрлігімен бірге тізім құрады. Сәйкесінше, азаматтарды елге жеткізетін көлік түрі анықталады.

800 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз