Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 06 Мамыр, 2020

Мамандандырылған ХҚКО мереке күндері қалай жұмыс істейді?

Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Ақтау, Петропавл, Көкшетау және Ақтөбедегі мамандандырылған ХҚКО жұмыс істеп тұр. Бірақ тек қарағандылық және ақтаулық орталықтар жеке тұлғаларды қабылдайды. Ал басқалары автосалондарға ғана қызмет көрсетеді. ⠀ Мемлекеттік корпорация мамандары хабарлағандай, аталған мекемелер 7 мамырда демалады, 8 мамыр күні жұмыс істейді де, 9 және 10 мамыр күндері мерекеге орай жабылып, тек 11 мамырда қайта есік ашады. ⠀ Анықтама ретінде: ХҚКО жұмысқа кіріскен алғашқы тәулікте тек астаналық орталықтың өзінде автосалоннан сатып алынған көліктерді бастапқы тіркеуге қатысты 150 өтініш қабылданған. Ал азаматтардың бәріне бірдей қызмет көрсетіп жатқан Қарағанды мен Ақтаудағы орталық қызметкерлері көлік тіркеу, жүргізуші куәлігін ауыстыруға қатысты 400-ге жуық өтінішті өңдеді.

831 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз