Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 07 Мамыр, 2020

Ай-Керім Нұралы, дизайнер: Қазақы өнерге жаңа көзқарас берсем деймін

Киімдерге, сөмкеге, аксесcуарларға салынған сурет- тер соңғы жылдары сәннен қалмай келеді. «Талғамға талас жоқ», біреулерді суреті бар бұйымдар қызықтырса, енді бірі жазу жазылған киім- кешекті ұнатады. Дәл осындай өнерімен көптің көңілінен шығып жүрген Ай-Керім Нұралымен аз-кем әңгімелестік. Киімге сурет салу жайлы ой қайдан келді? – Киімдерге қызығушылығым университетте оқып жүргенде басталды, ал толық айналыса бастағаныма екі жылдай болды. – Салған суреттеріңізге үнемі көңіліңіз тола ма? – Шыны керек, көңілімнен шыға бермейді. Үнемі бірдеңе жетпейді де тұрады. Шығармашылық үздіксіз ізденісті талап ететіндіктен, әлі де болса үйренуім керек дүние көп деп есептеймін. – Байқауымша, бұйымдарыңызға көбіне қазақы нақыштағы сурет саласыз әрі бизнеске айналдыра білдіңіз… – Қазақы өнерге жаңаша көзқарас берсем деймін. Күнделікті пайдаланғанға ыңғайлы болуына да ден қоямын. Әлбетте, сапа да назарымнан тыс қалмайды. Бастапқыда бұл менің жай ғана хоббиім болатын. Кейін тапсырыс берушілер көбейген соң бизнес жасай бастадым. – Бұл бизнес сізге айына қанша табыс әкеледі? – Басында қиын болғанымен, кейін үлкен отбасымды қамтамасыз ететіндей табыс әкеле бастады. Орташа есеппен 200-300 мың теңгенің арасы. – Инстаграмдағы парақшаңыз «Ерекше жандарға» деп аталады екен. Сіздің түсінігіңіздегі ерекше адам қандай? – Ерекше жандар – өзгелерді де, өзін де жақсы көретін жандар. Өзіне ұнаған образда, өзгеше болудан, өзгелерге ұқсамаудан қорықпайтын, өз ұстанымдарына адал адамдар. Мамандығым – киім дизайнері. Ал заттарға сурет салу – екінші жұмысым. – Сурет салудан басқа қандай өнеріңіз бар? – Сурет салып, киім тігуден басқа тәтті тағамдар әзірлегенді ұнатам. Заманауи жиhаз жасауға қызығам, қыш ыдыстар жасағанды жаным сүйеді. – Өзіңіз секілді өнерге қызығатын, сурет салғанды жаны сүйетін іні-сіңлілеріңізге қандай кеңес бересіз? – Жаңа нәрсені, өнерді үйренуге ешқашан кеш болмайды. Тек жүрек қалауымен өмір сүріңіз! Барлығы қолыңыздан келеді, тек ниет болса болғаны!.. – Рахмет! Назерке Әсетова «Ақ желкен» журналы, №4  

2437 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз