Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 07 Мамыр, 2020

«Еурокоптер Қазақстан инжиниринг» құрылғалы 30 тікұшақ өндірістен шықты

2011 жылы елімізде және өңірде тікұшақ саласын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаев «Еурокоптер Қазақстан инжиниринг» ЖШС («Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ және «Airbus Helicopters») бірлескен кәсіпорнын құрды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық  даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. «Еурокоптер Қазақстан инжиниринг» ЖШС - ТМД мен Орталық Азиядағы Н145, Н130, Н125 тікұшақтарын ірі-тораптық құрастырумен Қазақстан Республикасында және дистрибьюторлық аймақта (Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан және Моңғолия) ұшу-техникалық құрамға техникалық қызмет көрсетумен, жөндеумен және оқытумен айналысатын жалғыз кәсіпорын. Кәсіпорын құрылғаннан бері ішкі және сыртқы нарыққа арнап 30-дан астам тікұшақ жиналды. Зауыт базасында ұшу жарамдылығын қолдау, тікұшақтарды жөндеу және техникалық қолдау бойынша білікті қызмет көрсету жөніндегі сервистік орталық құрылды. Орталық жоғары технологиялық жабдықтарды ұсынады. Кәсіпорын қоймасында қосалқы бөлшектер мен құралдардың қолжетімділігін қамтамасыз етеді. Сертификатталған мамандар жүзеге асыратын жедел қызмет көрсету сапасының, өнімділіктің және қауіпсіздіктің жоғары деңгейіне кепілдік береді.  

1031 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз