Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 07 Мамыр, 2020

42500 ТЕҢГЕНІ ЕКІНШІ РЕТ КІМДЕР АЛАДЫ?

Төтенше жағдай кезінде табысынан айрылғандарға берілетін 42500 теңгені екінші рет 16 сәуірге дейін өтініш тапсырғандар ғана ала алады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады. ⠀ Ол үшін қайтадан өтінім жіберудің қажеті жоқ. Жәрдемақы автоматты түрде аударылады. Әлеуметтік төлемнің бірінші айы 16 наурыз бен 15 сәуір аралығын қамтиды. Екінші ай төтенше жағдайдың созылуына байланысты 16 сәуірден 11 мамырға дейін деп көрсетілген. ⠀ «Осыған байланысты 16 сәуірге дейін өтініш берген азаматтар (әлеуметтік жәрдемақы тағайындау қашан жасалғанына қарамастан) төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты 42 500 теңге төлемге екінші айда үміткер бола алады», - делінген хабарламада.

945 рет

көрсетілді

3

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз