Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 08 Мамыр, 2020

QAZAQ AIR Елордадан 4 бағыт бойынша әуе рейстерін іске қосады

QAZAQ AIR Елордадан Қостанай, Ақтөбе, Талдықорған және Павлодарға тұрақты рейстерді қайта бастайды, деп хабарлайды авиакомпания өзінің Facebook парақшасында. ⠀ Хабарламада 7 мамырда бас дәрігердің шешімімен араға бір жолаушы орны арқылы ұшақтағы жолаушыларды отырғызу туралы талап алынып тасталғандығы еске салынды. ⠀ Бірақ авиакомпания жолаушыларды отырғызуды қашықтыққа сәйкес жүзеге асырады, әрине, рейске жүктеу толық болмаса. ⠀ Барлық жолаушылар COVID-19 үшін ПТР сынақтан өткендігі туралы сертификатты ұшу әуежайына көрсетуі керек. Оның жарамдылық мерзімі - берілген күннен бастап күнтізбелік жеті күн. ⠀ Осы жағдай сақталмаған жағдайда, әуежай қызметкерлері жолаушының ұшып кетуіне жол бермеуге құқылы. Сондай-ақ олардан тасымалдау ережелеріндегі өзгерістерге байланысты әуежайға ұшудан кем дегенде екі сағат бұрын келу сұралды.

696 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз