Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 15 Мамыр, 2020

Қазақстан халқының саны 19 миллионға жетті!

Қазақстан халқының саны 19 000 000-ға жетті. 2020 жылы Қазақстан халқының саны 292 704 адамға ұлғайып, жыл соңында 19 189 022 адамды құрайтын болады. Бүгінгі статистика бойынша қазақстандықтардың саны 19 004 888 адамды құрап отыр. Түнгі сағат 00:00-ден бері 459 сәби дүниеге келсе, 117 адам көз жұмған. countrymeters.info сайтының мәліметінше, жыл бойына елімізде шамамен 424 789 бала дүниеге келіп, 167 610 адам қайтыс болады. Егер сыртқы көші-қон деңгейі өткен жылдың деңгейінде қалса, көші-қон себептеріне байланысты халық саны 35 525 адамға өзгереді. Яғни, ұзақ мерзімді болу мақсатында елге келетін адамдардың (көшіп келушілердің) жиынтық саны елден (көшіп кетушілердің) кеткен адамдардың санынан көп болады. 2020 жылғы Қазақстан халқы санының өзгеру динамикасы — Бала туу: орташа есеппен күніне 1 164 бала (сағатына 48.49) — Өлім-жітім: күніне орташа есеппен 459 адам (сағатына 19.13) — Халықтың көші-қон өсімі: орташа алғанда күніне 97 адам (сағатына 4.06) Осылайша 2020 жылы Қазақстан халқының өсу жылдамдығы күніне 802 адамды құрайды. Қазақстанда орташа өмір сүру ұзақтығы 68.5 жасты құрайды. Бұл әлемде күтілетін орташа өмір сүру ұзақтығынан (71 жас) төмен.

3379 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз