Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • TENGE MONITOR
  • 15 Сәуір, 2010

Әлем көшбасшылары бас қосты

d0bed0b1d0b0d0bcd0b0Вашингтонда әлемнің қырықтан астам мемлекеттер басшыларының қатысуымен әлем тарихында алғаш рет ядролық қаруларды және оның сынақтарын шектеу жөніндегі ауқымды жиын өтті.

Жаһандық саммитке Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев арнайы шақырылды. Жалпы, қазақ Президентінің ядролық қауіп-қатердің алдын алу, оны таратпау жөніндегі еңбегі үлкен. Оны әлемдегі ең ірі ядролық қару сынайтын Семей полигонын жабудан және Қазақстанның осы қарудан өз еркімен бас тартып, өзге жұртқа үлгі болуынан көруге болады. Жалпы, Қазақстан Президентінің АҚШ-қа сапары саммитпен шектелмек емес. Сапар барысында АҚШ президенті Барак Обама және өзге де елдердің басшыларымен кездесу жоспарланған.

Қазақстан басшысы алдымен Вашингтонда «Блэр хаус» ресми резиденциясында АҚШ президентімен кездесті. Кездесу барысында екі ел басшылары Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайту мәселелерін талқылады әрі ядролық қауіпсіздікті және атом қаруын таратпау үдерісін, Орталық Азиядағы өңірлік тұрақтылықты күшейту, сондай-ақ экономикалық өркендеу мен жалпыға ортақ құндылықтардың игілігі жолындағы өздерінің екіжақты ынтымақтастығын белсенді ете түсуге ұмтылысын қуаттады.

Елбасы Қазақстан - АҚШ қатынастарының даму деңгейіне қанағаттанатынын білдірді. «АҚШ – Қазақстанның жетекші экономикалық және инвестициялық әріптесі. Энергетикалық секторда ең ірі АҚШ компаниялары жұмыс істейді, Қазақстанға тартылған 80 миллиард доллардан астам шетелдік инвестициялардың 30 миллиард доллары - америкалық компаниялардың салымдары», - деді Н. Назарбаев. Мемлекет басшылары Қазақстан мен АҚШ-тың көпқырлы жоспар бойынша өзара ықпалдастығын кеңейту мәселелерін, екі елдің сыртқы саясат ведомстволары басшыларының орынбасарлары жетекшілігімен ынтымақтастық жөнінде бірлескен комиссия құрудың мүмкіндігін талқылады. Кездесу барысында Ауғанстандағы, Орталық Азиядағы, еуразиялық кеңістіктегі ахуал, оның ЕҚЫҰ-дағы Қазақстан төрағалығы тұрғысындағы жағдайы жөнінде әңгіме қозғалды.

АҚШ президенті Қазақстанның аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларын қолдайтынын білдірді және Н. Назарбаевтың ядролық қауіпсіздік жөніндегі ғаламдық саммитті ұйымдастырудағы рөлін ерекше атап өтті. Өйткені ядролық қарудан бас тарту арқылы Қазақстан халықаралық қоғамдастықтың қолдауына, көршілерінің сеніміне ие болды және инвестицияға жол ашты. Кездесуден кейін президенттердің бірлескен мәлімдемесі жарияланды. «АҚШ Қазақстан Президентінің ядролық қарусыздану және қауіпті қаруды таратпауға қосқан үлесін ерекше атап өтті», - деп атап көрсетілген мәлімдемеде.

Өз кезегінде Н.Назарбаев Б.Обаманы ЕҚЫҰ-ның биыл қараша айында Астанада өтетін саммитіне шақырды. Сондай-ақ Елбасы жиынға қатысушы бірқатар мемлекеттер басшыларымен, Американың көптеген ірі компаниялары басшыларымен де кездесулер өткізді.

802 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз