Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • TENGE MONITOR
  • 15 Сәуір, 2010

Құнарлы ойдың қанаты Ақтан КЕРЕЙҰЛЫ Адал жүріп, шын сөйле, Асығың түсер алшыдан

Мамығын төгіп қаз бен қу,

Көлге мекен ете алмас,

Ақсұңқар құстың зарпынан,

Азамат ердің баласы

Пәмді басын ете алмас,

Шетке кетсе халқынан.

Ер жігіт шауып шеп бұзбас,

Айқайлап ұран шаппаса,

Аламаны шулап артынан.

Шешендер сөйлер артынан.

Сары бір қолдың самсынан.

Жақсылық алар әркімдер

Жауаптың келген парқынан.

Келтірер ұят бетіне,

Сөйлесе ұят балшыдан.

Адал жүріп, шын сөйле,

Асығың түсер алшыдан.

Мақтанғанмен аса алмас,

Кем болса қатар, шарқыннан,

Сұрағанмен алмассың,

Көп қазғанмен қанбассың,

Қайырсыз сараң таңқыдан.

«Жеті ғасыр жырлайды» кітабынан

1929 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз