Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 17 Маусым, 2020

«Бавария» 30-рет ел чемпионы атанды

Бундеслига: «Бавария» 30-рет ел чемпионы атанды. Германия чемпионатының 32-турының матчында «Бавария» Бременнің «Вердерін» 1:0 есебімен жеңді. Мюнхендіктердің матчтағы жеңісті және маусымдағы алтын голын Роберт Левандовски соқты. Поляк сұрмергені бірінші тайм аяғында мергендігімен көзге түсті. Бремендегі жеңістен кейін «Бавария» екінші орындағы «Боруссиядан» чемпионат аяқталуға екі тур ғана қалғанда 10 ұпай озып кетті. Айта кетейік, команда бұл титулды қатарынан сегізінші рет жеңіп алды.  

950 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз