- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 17 Маусым, 2020
Бобыржан Момынов кәсіпқой бокстағы он бірінші жеңісіне қол жеткізді⠀

WBC Asia және NBA Intercontinental чемпиондық белбеулерінің иегері Бобыржан Момынов (10-0, 8КО) кәсіпқой бокстағы он бірінші жеңісіне қол жеткізді.
⠀
Момыновтың америкалық Кэмерон Краэлге (17-15-3, 4 КО) қарсы жекпе-жегі тартысты өтті. Алғашқы минуттан-ақ шабуылға көшкен қазақстандық боксшы қарсыласына еш мүмкіндік бермей, жеңіске жетті. Төрешілер бірауыздан жеңісті – 57:56, 58:55, 58:55 есебімен Момыновқа берді
⠀
Момынов Альварес пен Головкиннің бірінші жекпе-жегі алдында мексикалық «Канелоның» жаттықтыру лагеріне қатысқаннан кейін таныла бастаған.
⠀
Айта кетейік, Бобыржан Момынов бұған дейін төрт раундтық екі және алты раундтық бес жекпе-жек өткізген. Оның келесі жекпе-жегі Қазақстанда өтеді. Қарсыласы әзірге белгісіз.

827 рет
көрсетілді0
пікір