- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 17 Маусым, 2020
US Open турнирі биыл көрерменсіз өтеді

Теннистен АҚШ-тың ашық чемпионаты – US Open додасы биыл көрерменсіз өтеді. Бұл туралы турнирді ұйымдастырушылар мен Нью-Йорк губернаторы хабарлады. Турнирдің өту уақыты өзгермейді. Теннис бәсекесі 31 тамыз бен 13 қыркүйек аралығына жоспарланған.
«USTA ойыншылар мен олардың командаларын қорғау үшін барлық талаптарды мойнына алады. Тестілеу жоғары деңгейде жүргізіліп, тазалық жұмыстарына басымдық беріледі», – делінген хабарламада. Желіде жариялған ақпарат бойынша, турнир жанкүйерлердің қатысуынсыз өтеді.
Сонымен қатар, биылғы US Open турниріне танымал теннис жұлдыздары қатыспауы мүмкін.

908 рет
көрсетілді0
пікір