- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 23 Маусым, 2020
Мария Агапованың келесі қарсыласы анықталды

Жақында ғана әлемге әйгілі UFC тұжырымымен келісімшартқа отырған Мария Агапованың келесі қарсыласы анықталды.
⠀
23 жастағы Мария Агапова 31 жастағы америкалық Шана Добсонмен 22 тамызда күш сынасады. Алайда бұл кездесу қайда өтетінін әзірге белгісіз.
⠀
Айта кетейік, жақында ғана қазақстандық спортшы қыз UFC-дегі дебютін өткізіп, 2 минут 42 секундта қылқындыру әдісімен жеңіске жеткен еді. Бұл оның мансабындағы тоғызыншы жекпе-жегі. Осы жеңістен кейін қазақстандық файтер қыз бірден Шана Добсонды жекпе-жекке шақырды. Қазіргі таңда Добсон ММА-де жеті жекпе-жек өткізген, оның үшеуінде жеңіп, төртеуінде жеңілген.

818 рет
көрсетілді0
пікір