Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 25 Маусым, 2020

Қазақстан чемпионаты тамызда жалғаса ма?

Қазақстан футбол федерациясы футзалдан 2019/2020 жылғы Қазақстан чемпионатының қайта жандануы кем дегенде 1 тамызға қалғанын мәлім етті. «Эпидемиологиялық жағдайдың күрделене түсуі мен коронавирус инфекциясын жұқтыру дерегінің көбеюін ескере отырып, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің хаты негізінде ҚФФ басшылығы футзалдан Қазақстан чемпионатын 2020 жылғы 1 тамызда жандандыру туралы шешім қабылдады», - делінген федерацияның хабарламасында. Еске сала кетейік, бастапқыда Қазақстандағы футзал маусымы 3 шілдеде жалғасады деп жоспарланған. Ұлттық біріншіліктің қалған барлық матчы Нұр-Сұлтанда өтуге тиіс.  

738 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз