- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 26 Маусым, 2020
Әлем чемпионаты кейінге шегерілді

Халықаралық бокс қауымдастығы (AIBA) жастар арасындағы әлем чемпионатын кейінге шегерді, деп хабарлайды Olympic.kz. Жастар арасындағы дүниежүзілік біріншілік 2020 жылдың 2-9 қарашасында Польшаның Кельце қаласында өтеді деп жоспарланған еді. Алайда коронавирусқа байланысты біріншілік 2021 жылдың 10-24 сәуірі аралығына ауыстырылды. Дода 3000 адамдық Hala Legionow спорт кешенінде өтеді. Жастар арасындағы әлем біріншілігіне 2002 жылдың 1 қаңтары мен 2003 жылдың 31 желтоқсанына дейін туған жас былғары қолғап шеберлері қатысады.

879 рет
көрсетілді0
пікір