Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 30 Маусым, 2020

ҚПЛ-дың үшінші турының кестесі

Қазақстанның кәсіби футбол лигасы (PFLK) Премьер-лиганың үшінші турындағы барлық матчтардың кестесін жариялады.

Барлық матчтар 1 шілдеде өтеді. Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 18:00-де: «Тобыл» - «Каспий», «Қайрат» - «Жетісу» және «Қызыл Жар» - «Оқжетпес» кездесулері басталады. Сағат 20:00-де «Ордабасы» - «Шахтер» және «Қайсар» - «Тараз» матчтары өтеді.

Үшінші турға «Астана» қатыспайды. «Ертіс» командасы маусымды жалғастырудан бас тартқаннан кейін чемпионатта командалар саны тақ болып қалды.

 

757 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз