- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 02 Шілде, 2020
Қазақ боксшылары Нұр-Сұлтан қаласында дайындалуда

Қазақстандық кәсіпқой боксшылар Мейірім Нұрсұлтанов пен Садриддин Ахмедов Нұр-Сұлтан қаласында жаттығуда. Қазіргі уақытқа дейін ешкімнен жеңілмеген жас таланттар коронавирустың таралуына байланысты елге оралуға мәжбүр болған. Қос спортшыны қазіргі уақытта Нұр-Сұлтандық білікті бапкер Ернұр Жаңабаев жаттықтыруда.
Мейірім Нұрсұлтанов АҚШ-та өнер көрсетіп жүрген дарынды боксшылардың бірі. Ал Садриддин Ахмедов өзінің соңғы жекпе-жектерін Канаданың Квебек қаласында өткізіп, жарқын жеңіске жетті. Әлемдік деңгейде қазақ елінің намысын қорғап, абыройын арттырып жүрген жігіттер қыркүйек айында шаршы алаңға қайта оралады.
Бексұлтан Нұрланұлы


1092 рет
көрсетілді0
пікір