- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 07 Шілде, 2020
Qazsport телеарнасы Жалғас Жұмағұловтың UFC 251 турниріндегі жекпе-жегін тікелей эфирде көрсетеді

Жалғас Жұмағұлов шілденің 11-12 не қараған түні әлемнің үздік ұйымында өзінің алғашқы жекпе-жегін өткізеді.
Жекпе-жек UFC 251 турнирі аясында жоспарланған.
Іс-шараны Абу-Дабидегі Fight Island қабылдайды.
Қазақстандық спортшы қазіргі уақытта жауынгерлер аралына жетіп, міндетті карантинде жатыр. Оның коронавирусқа тапсырған қанының сынамасынан ешқандай ауру белгілері анықталмаған. Жалғас Жұмағұлов алдағы уақытта өтетін салмақ өлшеу рәсімі мен баспасөз конференциясына дайындалуда.
Оның қарсыласы бразилиялық Раулиан Пайва болады.
Qazsport телеарнасы UFC 251 турнирін тікелей эфирде көрсетеді. Трансляция таңертеңгі сағат 03: 55-те басталады.

1151 рет
көрсетілді0
пікір