Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 13 Шілде, 2020

«Манчестер Сити» Чемпиондар лигасына жіберілді

Спорттың төрелік соты (CAS) «Манчестер Ситидің» апелляциялық шағымын қанағаттандырып, оларды еурокубоктардан екі маусымға шеттету туралы шешімнің күшін жойды. Бұл туралы соттың баспасөз қызметі хабарлады. Естеріңізге сала кетейік, қыста УЕФА «Манчестер Сити» клубының қаржылық алаяқтық жасап, шығындарын жасыру үшін демеушілік келісімшарттардан төленген төлемдерді қасақана асырып көрсеткенін хабарлаған болатын. Осы әркеті үшін шенеуніктер англиялық команданы 2020/2021 және 2021/2022 маусымдарда Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасынан шеттетіп, 30 миллион еуро көлемінде айыппұл салу туралы шешім қабылдаған болатын. Осыдан кейін «Манчестер Сити» апелляциялық шағым түсірді. Олардың шағымы ішінара орындалып отыр. Енді олар еуропалық жарыстарға қатыса алады. Бірақ 10 миллион еуро айыппұл төлеуге тура келеді.  

833 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз