Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 20 Шілде, 2020

Испания чемпионаты аяқталды

Испания Ла лигасының 2019/20 жылғы маусымы мәресіне жетті.

Коронавирусқа байланысты ұзақ үзілістен кейін 14 маусымда қайта жалғасқан Испания чемпионаты 20 шілдеде аяқталды.

Өткен жылғы маусымды өте нашар өткізген, «Реал Мадрид» биыл чемпион атанды. Мадридтік команда маусым барысында ала-құла өнер көрсеткенімен, чемпионат қайта жанданғаннан кейін бір-бір ойын жеңілген жоқ. 11 кездесудің 10-ында жеңіске жетті. Жалпы 38 ойында 87 ұпай жинап, 70 гол соқты. Екінші орын алған басты қарсыласы «Барселонадан» 5 ұпай ұзап кетті.

Ла лиганың қорытындысына сай, Чемпиондар лигасына «Реалдан» бөлек дортмундтық «Барселона» (82 ұпай), «Атлетико» (70) және «Севилья» (70) командалары қатысады.

«Вильярреал» (60 ұпай) мен «Реал Сосьедад» (56) Еуропа лигасының топтық кезеңіне тікелей жолдама алса, «Гранада» (56) Еуропа лигасының іріктеу кезеңіне қатысады.

Көш соңында қалған «Леганес» (36 ұпай), «Мальорка» (33) және «Эспаньол» (25) төменгі лигаға түсіп қалды.

Үздік сұрмерген атағы «Барселона» ойыншысы Лионель Мессиге бұйырды. Аргентина құрамасының шабуылшысы қатарынан төртінші рет Ла лиганың үздік мергені атанып отыр. Осы маусымда ол 33 матчқа қатысып, 25 гол соқты.

Сондай-ақ, ең көп нәтижелі пас шығарған ойыншы атағын да Месси иеленді. Ол биыл 21 ассистент жасады.

837 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз