- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 21 Шілде, 2020
Қазақстандық теннисші Дана Байдәулет Украинада өткен турнирде топ жарды

«Team Kazakhstan» академиясының түлегі Дана Байдәулет М.В.Бальваның мемориалына арналғанған турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Аталған дода Укрина астанасы Киевте өтті. Ақтық кезеңде отандасымыз 7:5, 7:5 есебімен Олеса Ревваны жеңіп, жекелей сында топ жарды. Ал жартылай финалда ол Дарья Журидті 0:6, 6:0, 6:2 есебімен ұтса, ширек финалда София Черноморскпен кездесіп, 6:2, 6:0 есебімен айласын асырды.
Екінші кезеңде Валерия Корнееваны 6:1, 6:0 ұпайымен, бірінші айналымда Мария Попованы 6:0, 6:0 есебімен айықын басымдықпен жеңді. Дана Байдәулет Дарья Жаридпен бірге жұптық кезңде де жеңіске жетті. Финалда олар Олеса Ревва мен Анна Медведевамен кездесті. Нәтижесінде, 6:3, 7:6 (2) есебімен жеңімпаз атанды.

762 рет
көрсетілді0
пікір