Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 22 Шілде, 2020

Пьер де Кубертеннің ойлап тапқан Олимпиада сақиналарының түпнұсқа суреті аукционға қойылады

Олимпиада ойындарының негізін қалаған Пьер де Кубертеннің ойлап тапқан Олимпиада сақиналарының түпнұсқа суреті 26 шілдеде Каннда өтетін аукционға қойылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Inside the games порталына сілтеме жасап. Портал деректеріне қарағанда, сурет құны 100 мың еуроға бағаланып отыр. Кенепке салынған бұл суреттің мөлшері 21-де 27,5 см және көк, сары, қара, жасыл, қызыл түсті. Сақиналар Еуропа, Азия, Африка, Америк, мен Аустралияны білдіреді. Барлық сақиналар бір-бірімен байланысқан және Олимпиада ойындары рухының жан-жақтылығынан хабардар етеді. Кубертен сақиналарды 1913 жылғы тамызда «Олимпиадалық шолу» баспасына ұсынған. Ал бес сақина бейнеленген жалауды 1914 жылғы Халықаралық олимпиадалық комитет конгресі кезінде жұртшылыққа көрсету жоспарланған еді. Бірақ Бірінші дүниежүзілік соғыс салдарынан кейінге қалдырылған. Жалауды тек 1920 жылы Антверпендегі Олимпиада ойындарының салтанатты ашылу рәсімі алдында ғана көрсетудің сәті түсті. 2020 жылы ресей бизнесмені Алишер Усманов Лозаннадағы Олимпиадалық музейге Пьера де Кубертен манифесінің түпнұсқасын сыйлады. Ол 2019 жылғы желтоқсанда Sothebyʼs аукционында 8 миллион 800 мың долларға сатылған. Сол кезде оны сатып алған кім екені хабарланбады. Айта кеткен жөн, Халықаралық олимпиадалық комитеттің негізі Кубертеннің бастамасымен 1894 жылы қаланған еді. Оның алғашқы президенті грек Деметриус Викелас болды. Ал Кубертен ұйымды 1896-1916 және 1919-1925 жылдары басқарды. Қазіргі заманғы бірінші Олимпиаадалық ойындар 1896 жылы Афинада өткізілді.      

819 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз