- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 24 Шілде, 2020
Майк Тайсон мен Рой Джонс жекпе-жегінің өтетін күні белгілі болды

12 қыркүйек күні Калифорнияда Майк Тайсон мен кіші Рой Джонс арасында көрме жекпе-жек өтеді.
Жекпе-жек 8 раунд форматында болады.
Сәуір айының соңында Тайсон рингіге оралуға ниетті екенін хабарлаған еді. 54 жастағы америкалықтың есебінде 50 жеңіс (44 нокаут), 6 жеңіліс бар, тағы екі жекпе-жек өтпеді деп танылды. Оның соңғы айқасы 2005 жылдың 11 маусымында өтті. Онда америкалық боксшы ирландық Кевин Макбрайдтан жеңіліп қалған болатын.
50 жастағы Джонс 2018 жылы спорттағы карьерасын аяқтаған еді. Оның қоржынында 66 жеңіс (47 нокаут) пен 9 жеңіліс бар.

679 рет
көрсетілді0
пікір