Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 21 Қазан, 2020

«Денис Тен Мемориалы-2020» халықаралық турнирі өтпейді

2014 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Тенді еске алуға арналған мәнерлеп сырғанаудан халықаралық турнир коронавирус пандемиясына байланысты 2020 жылы өтпейді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алматыда 29 қазан мен 1 қараша аралығында өтуі керек болатын Denis Ten Memorial Challenge турнирі Халықаралық коньки тебу одағының күнтізбесінде өтпейді деп көрсетілген.

2018 жылы қайтыс болған қазақстандық мәнерлеп сырғанаушыны еске алуға арналған жарыс биыл екінші рет өткізілуі керек еді. Бірінші «Денис Тен мемориалы» 2019 жылғы 10-13 қазан аралығында Алматыда «Halyk Arena» -да өтті. 

 

674 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз