- Құмсағат
- 04 Қараша, 2020
«Қайрат» футболшылары чемпиондық үшін қанша сыйақы алады?
Қазақстан премьер-лигасындағы жеңіс үшін "Қайрат" футболшылары мен бапкерлер штабы бәріне ортақ 500 мың доллар бонус алады.Бұл жайлы журналист Айдын Қожахмет хабарлады.
Алматылық клубта бөлек матчтер үшін дәстүрлі үстемақы жоқ, онда еуропалық бонусты жүие қолданылады.
Сонымен қоса, кей футболшыларда статистикалық көрсеткіштер үшін жеке бонустар бар. Мәселен гол немесе есеп ашылмаған матч үшін.
Еске салайық, кеше "Қайрат" Алматының Орталық стадионында "Ордабасы" командасын ұтып, мерзімінен бұрын чемпион атанды. Алматылық команда ара 16 жыл салып, қайта чемпион атанды. Ал кейінгі алты жыл қатарынан бұл трофейді "Астана" клубы иеленіп келген еді.
619 рет
көрсетілді0
пікір







