Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 11 Қараша, 2020

Конор Макгрегор мен Порье реванш өткізеді

ММА файтері Конор Макгрегордың сегізбұрышқа қашан оралатыны белгілі болды, деп хабарлады Prosports.kz MMA Fighting-ке сілтеме жасап. 

2021 жылы 23 қаңтарда Макгрегор америкалық Дастин Порьемен жекпе-жекке шығады. Олардың жекпе-жегі Лас-Вегаста өтетін UFC 257 турнирінің басты оқиғасы болмақ. 

Еске салайық, олардың алғашқы жекпе-жегі 2014 жылдың қыркүйегінде өтті. UFC 178 турнирінде бірінші раундта Конор қарсыласын нокаутқа жіберген еді. Соңғы рет Макгрегор 2020 жылдың 18 қаңтарында жекпе-жек өткізіп, Дональд Серронені жеңді. Кейін ол өзінің спорттан кететінін жариялаған еді. 


714 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз