- Құмсағат
- 11 Қараша, 2020
Тұрсынбай Құлахмет WBC титулы үшін жұдырықтасады
11 қарашадан 12 қарашаға қараған түні Оңтүстік Киркбиде (Ұлыбритания) MTK Global промоутерлік компаниясы ұйымдастырған бокс кеші өтеді.
Кештің басты жекпе-жегінде Тұрсынбай Құлахмет (1-0, 1 KO) жергілікті боксшы Маколей Макгоуэнмен (14-0-1, 3 КО) жұдырықтасады.
Бұл кездесуде бірінші орта салмақта WBC International титулы сарапқа салынады. Қазақстандық боксшы кәсіпқой рингтегі екінші жекпе-жегінде-ақ чемпиондық атаққа таласқалы отыр.
Кештің тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен 00:20-да басталады. Кеш аясында 7 жекпе-жек өтеді деп жоспарланған.
Айта кетейік, Тұрсынбай кәсіпқой бокстағы дебютін тамыз айында өткізді. Ол кезде отандасы Сағадат Рахманқұловты (6-2, 4 КО) төртінші раундта жеңген болатын. Ал Маколей соңғы жекпе-жегін бір жыл бұрын, 2019 жылдың тамызында өткізген.
744 рет
көрсетілді0
пікір







