Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 11 Қараша, 2020

Садриддин Ахмедов кезекті жекпе-жегіне дайындалуда

Бірінші орта салмақта WBC Asia және WBC Youth World титулдарының иегері, қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов жаттығу жұмыстарын жалғастыруда.

Бұл туралы ол инстаграм желісіндегі жеке парақшасында мәлімдеді.

Ол Монреальдағы (Канада) жаттығу залында ресейлік ауыр салмақтағы Арсланбек Махмудовпен және жергілікті спортшы Эрик Базинянмен бірге жаттығу өткізді. 

Айта кетейік, Садриддин Ахмедов соңғы жекпе-жегін желтоқсан айында Канадада өткізіп, аргентиналық Хосе Антонио Вильялобосты (12-6-2, 7 КО) жеңді.

626 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз