- Құмсағат
- 12 Қараша, 2020
Құлахмет қарсыласын құлатты (ВИДЕО)
Ұлыбританияда MTK Global промоутерлік компаниясының ұйымдастыруымен бокс кеші өтті.
Кештің басты жекпе-жегінде Тұрсынбай Құлахмет Маколей Макгоуэнді жеңіп, WBC International белбеуін иемденді.
Кездесудің бірінші минуттарынан бастап, жекпе-жек тізгінін өз қолына алған жерлесіміз, жарқын мәнердегі өнерінің арқасында ұлыбританиялықтардың қошеметіне бөленді.
Кезекті жеңісінің арқасында, Тұрсынбай Құлахмет boxrec.com рейтінгі бойынша, өз салмағында 160 орыннан, 102 орынға көтерілді.
26 жастағы отандасымыз, кәсіби мәнсабындағы небәрі екінші айқасында-ақ аймақтық белбеуді иемденген алғашқы қазақ ретінде, жаңа рекорд орнатты.
Назарларыңызға тартысқа толы жекпе-жектің толық видеожазбасын ұсынамыз.
849 рет
көрсетілді0
пікір







