Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 13 Қараша, 2020

Мейірім Нұрсұлтанов шаршы алаңға оралады

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтановтың (13-0, 8 КО) келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды.

Ақпарат BoxRec сайтында жарияланды.

Нұрсұлтанов 5 желтоқсанда шаршы алаңға шығады. Екатеринбургте өтетін RCC Boxing Promotions турнирі аясында ресейлік Илья Баландинмен (4-3-1, 2 КО) жұдырықтасады.

Орта салмақта өтетін жекпе-жек сегіз раундқа жоспарланып отыр.

Айта кетейік, Нұрсұлтанов бір жылдан астам уақыт рингке шыққан жоқ. Оның соңғы жекпе-жегі 2019 жылы 2 қарашада Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өтті. Ол кезде Мейірім WBC (USNBC) нұсқасы бойынша АҚШ чемпионы аймақтық титулын жеңіп алған болатын. 

859 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз