- Құмсағат
- 08 Желтоқсан, 2020
Нұр-Сұлтанда жұдырықтасатын спортшылар белгілі болды
16 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда Suleimen Promotions промоутерлік компаниясы ұйымдастырған кәсіпқой бокс кеші өтеді.
Қазақстандық боксшы Данила Семенов (1-0, 1 KO) алдағы бокс кешінің кардын ашады. Семеновтың қарсыласы ганалық Авраам Табул (17-4-1, 14 КО) болады.
Одан кейін рингке Евгений Павлов (2-0, 2 КО) , көтеріледі. Ол да Гананың тағы бір өкілі - Али Лаурелмен (18-4-1, 11 КО) қолғап түйістіреді.
Турнирдің үшінші жекпе-жегінде әуесқойлар арасындағы әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов (1-0, 1 KO) өнер көрсетеді. Талантты боксшымыз Кабиру Товолавимен (13-2, 10 КО) шеберлік сынасады.
Турнирдің екінші маңызды жекпе-жегінде қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбет (2-0, 2 КО) ганалық тәжірибелі Эммануэль Дансомен (32-5, 26 КО) жұдырықтасады.
Алдағы кештің басты жекпе-жегінде супер орта салмақта WBC Asian, WBA International және WBO Global чемпионы Айдос Ербосынұлы (14-0, 9 КО) өнер көрсетеді. Қазақстандық боксшының қарсыласы - ганалық Исах Самир (19-0, 16 КО).
Suleimen Promotions бокс кешінің тікелей эфирін Хабар телеарнасынан көруге болады.
777 рет
көрсетілді0
пікір






