- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 13 Ақпан, 2021
COVID-19: Еліміздің екі өңірі "қызыл" аймақта тұр

Денсаулық сақтау министрлігінің 13 ақпандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Қазақстанның екі облысы «қызыл» аймақта тұр.
Олар: Ақмола, Павлодар облыстары.
«Сары» аймақта Нұр-Сұлтан қаласымен қатар Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары бар.
Қалған өңірлердің бәрі «жасыл» аймақта.
Жалпы Қазақстан коронавирустың таралу қаупі жағынан «жасыл» аймақта тұр.
Еске салсақ, бұған дейін ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясовтың карантин шараларын жеңілдету туралы жаңа қаулысы жарияланған болатын. Қаулы ережелеріне сәйкес, «жасыл» аймақтағы өңірлерде мешіттерге жұрттың жиналуына, сонымен қатар мектеп асханаларының жұмысына рұқсат берілді.

655 рет
көрсетілді0
пікір