Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 14 Ақпан, 2021

Медициналық журналистика: бүгін және ертең

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен  ағымдағы жылы ақпан айының 8 күнінен бастап С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде «Медициналық журналистика» тақырыбы бойынша журналистердің біліктілігін арттыру мақсатында апталық курстар өткізілуде. Курсқа 50 -ге жуық БАҚ өкілдері және оффлайн форматында тілшілер мен блогерлер қатысуда.

Курстың алғашқы күнінде Қа­зақстандағы Репродуктивті медицина қауымдастығының президенті, ҚР ҰҒА академигі, профес­сор В.Н. Локшин «ҚР халқының репродуктивті денсаулығы: өзекті мәселелер және этикалық аспек­тілер» тақырыбында дәріс оқыды. Репродуктивті меди­ци­наның жұмысын түсіндіре келе экстракорпоральді ұрықтандыру, яғни жасанды жолмен ұрықтандыру  мәселесі жөнінде айтылды.

Қазақстанда алғаш рет экстракорпоральды ұрықтандыру арқылы өмірге келген сәби биыл жиырма үш жасқа толады екен. Журналистедің қойған сұрақтарына байланысты жауап бере отырып, жұртшылықтың көкейінде жүрген ЭКО-дан туған балалардан ұрпақ өрбіте алмайды деген негатив пікір әлі күнге дейін ғылыми тұрғыдан дәлелденбегендігін тү­сіндірді.

Курстың екінші күні Х.Дос­мұха­медов атындағы қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің эпидемиология кафедрасының профессоры С.А.Әміреевтің «Ви­рустардың адам иммуниететіне әсері және COVID-19 вакцинациясы» тақырыбында екі сағат­қа жуық жүргізілген дәрісі шынайы пікір алмасуға ұласты. Ре­сейдің Эпидемиологиялық және микробиологиялық ғылыми-зерттеу орталығы әзірлеген «Спутник V» вакцинасына да тоқталып өтті. Сонымен қатар, адам ағзасына әсер етпейтін және иммунитетті нығайтатын «Полиоксидоний» препараты туралы ақпарат берді.

Тәуліктің екінші бөлігінде журналистерді үш топқа бөліп Х.Досмұхамедов атындағы қоғам­дық денсаулық сақтау мектебі дека­нының міндетін атқарушы К.Б. Ка­­ри­­баевтың жетекшілік етуімен Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында, Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында, С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті­нің Алғашқы санитарлық көмек, яғни профессорлық клиникасында сонымен қатар, А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығында журна­листерді медициналық тәжірибе алаңымен таныстырып, дәрігерлермен пікір алмастырды.

Курс ағымдағы жылы ақпан айы­ның 12-іне дейін «Қа­зақстандағы қоғамдық ден­саулық көрсеткіштері», «Ну­трициологияның өзекті мәсе­лелері», «SARS-cov-2 және вакцинациясы», «Эпидемиологиялық мәліметтерді түсіндіру», «Меди­циналық құқықтың өзекті мә­селелері» және «Трансплантология: құқықтық реттеу мәселелері» та­қырыптарында жалғасатын болады.

Гүлмира МЕРАЛИНА

905 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз