Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 02 Наурыз, 2021

Қырғыз президенті «Мен қазақпын» поэмасынан үзінді оқыды

Қасым-Жомарт Тоқаев Қресми сапармен келген Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровпен кездесті.

Тоқаев қазақ-қырғыз байланыстары арасында дәстүрлі достықтың бар екеніне, сондай-ақ, Қырғызстан - еліміз үшін тек одақтас мемлекет қана емес, бауырлас мемлекет екенін жеткізді.

-Бұл дәстүрді жоғары бағалаймыз. Алдымызда тұрған міндетіміз осы дәстүрді жалғастыру, нығайту. Сондықтан бүгінгі келіссөздердің маңызы зор-, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Садыр Жапаров екі ел арасындағы қарым-қатынастардың терең екенін сипаттай отырып, қазақтың белгілі ақыны Жұбан Молдағалиевтің «Мен – қазақпын» поэмасынан үзінді оқыды.

«Мен қазақпын, қырғыз ол - туысқаным, 

Бірге тартқан тарланның құйысқанмын. 

Анамыз да қара көз бір қыз, бәлки, 

Бөліп берген егізге уыс нанын», - деді Садыр Жапаров. 

438 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз