Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 05 Наурыз, 2021

СДУ базасында арнайы орталық ашылды

Сүлейман Демирель атындағы университет ректоры Қуаныш Ерғалиевтың бастамасымен оқу орнының базасында Денсаулық, саясат және менеджмент орталығы ашылды https://sdu.edu.kz/center-for-health-policy-and-management/. Орталықтың жұмысы денсаулық сақтау саласындағы жүйелі мәселелерді кешенді шешуге бағытталған.

   -Covid-19 жаһандық пандемиясы біздің бір-бірімізбен қалай жұмыс істейтінімізді және өзара әрекеттесетінімізді өзгертті. Әлемдік көшбасшылар мен саясаткерлер қоғамдық денсаулық сақтаудың маңыздылығын және оның қоғам өмірінің барлық салаларына, соның ішінде бизнес, экономика, білім, туризм және т.б. аспектілерге тигізетін әсерін түсіне бастады. Бұдан былай барлық компаниялар мен кәсіпорындар үшін денсаулық сақтау саласында тиісті тәжірибе мен білімнің жеткілікті болуы, сондай-ақ қызметкерлердің, тұтынушылардың және жалпы азаматтардың денсаулығын қорғаудың инновациялық әдістерін және алдын-алу стратегияларын жасай алатын денсаулық сақтау және гигиена саласындағы тәжірибесі бар мамандарды жалдау өте маңызды болып табылады. Осы маңызды міндетті шешу үшін біз SDU денсаулық, саясат және басқару орталығын іске қосамыз, - деп мәлімдеді университет басшысы орталықтың салтанатты ашылуында. Қуаныш Ерғалиевтің пікірінше, орталықтың алдында қазақстандық денсаулық сақтау секторының басқарушыларына білім деңгейін арттыруға және ғылыми-сараптамалық шешімдер ұсынуға бағытталған шаралар кешенін іске асыру бойынша ауқымды міндет тұр. Орталықтың жұмысына ғылыми қайраткерлер, сарапшылар, медициналық мекемелердің топ менеджерлері, сондай-ақ көп жылдық тәжірибесі бар кәсіби дәрігерлер тартылған. Орталық үш бағытта жұмыс істейді: оқыту және тренингтер, ғылыми зерттеулер жүргізу және қоғамдық денсаулық сақтау мен халыққа медициналық көмек көрсету саласында инновациялар мен технологияларды нығайтуға әрі ілгерілетуге бағытталған кеңес көрсету қызметтері.

- Біздің орталықтың есігі еліміздің денсаулығы мен қауіпсіздігіне бей-жай қарамайтын барлық азаматтар үшін ашық екенін атап өткім келеді. Біз бейінді ведомстволардың, барлық саланың орталық мемлекеттік органдарының өкілдерімен, кәсіпкерлермен, үкіметтік емес ұйымдармен, қоғамдық пікір көшбасшыларымен, БАҚ және басқа да мүдделі тұлғалармен стратегиялық серіктестікке ашықпыз, - деп атап өтті Қуаныш Ерғалиев.  

Естеріңізге сала кетейік, Гарвардтық Т. Х. Чан атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің тарихында Қазақстанның атынан аталмыш мектепте білім алып  және қоғамдық денсаулық сақтау докторы дәрежесін қорғаған жалғыз студент болып табылады. "Болашақ" президенттік стипендиясының иегері, бірқатар ғылыми жұмыстардың авторы және АҚШ-тың Бостон қаласында қазақ диаспорасының мәдени орталығын құрған қоғам қайраткері.        

2121 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз