- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 11 Наурыз, 2021
Президент: Дерттің қатері әлі де сейілген жоқ

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус инфекциясына байланысты бүкіл әлемде пандемия басталғалы бір жыл уақыт өткенін және дерттің қатері әлі де сейілмегендігін айтып, халықты ауырмайтын жол іздеуге шақырады. Бұл туралы Мемекет басшысы өзінің твиттер парақшасында жазды.
"Бір жыл бұрын ДДСҰ пандемияның басталғанын жариялады. Содан бері Қазақстан бүкіл әлеммен бірге көптеген қиындықты бастан өткерді. Мемлекет азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін пәрменді шаралар қабылдады.
Төтенше жағдай кезінде табыссыз қалған тұрғындарға қаржылай және басқа да көмек берілді. Біз береке-бірлік пен өзара қолдаудың арқасында өршіген індетті еңсердік.
Бірақ дерттің қатері әлі де сейілген жоқ. Вирусты вакцинация арқылы ғана түбегейлі ауыздықтай аламыз. Барша отандастарымызды ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеуге шақырамын", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің жазбасында.

427 рет
көрсетілді0
пікір