Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 11 Наурыз, 2021

2025 жылға қарай білім гранттарының саны 50 пайызға артады

«Жоғары білім қолжетімді болу үшін 2025 жылға қарай гранттар саны 50 пайызға артады. Жыл сайын жас ғалымдарға 1 000 грант бөлініп, 500 қазақстандық ғалым әлемге танымал ғылыми орталықтарда тағылымдамадан өте алады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша осы жылғы сәуірде Үздіксіз білім беру тұжырымдамасы қабылданады», - деді бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі

Асқар Мамин. 

Үкімет басшысы Білім және ғылым министрлігі Білім беру саласындағы ұлттық жобаларды әзірлеу кезінде Елбасының, Мемлекет басшысының, Nur Otan партиясының барлық тапсырмаларының іске асырылуын қамтамасыз етуі қажеттігін баса айтты.

«Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін күнделікті ауқымды жұмыс істеу керек. Әкімдердің жеке жауапты екенін назарда ұстаңыздар, себебі Nur Otan партиясы бағдарламасының уақтылы орындалуы өңірлердегі жұмыстың сапалы атқарылуына байланысты», - деді Премьер-Министр.


 

 

418 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз