- Мотивация
- 17 Наурыз, 2021
Ауа райының көңіл-күйге əсері

Кейбір адамдардың көңіл-күйі ауа-райының қандай болуына тікелей әсер етіп отырады. Мәселен, құбылмалы болып тұрған бұлтты күні адамның мазасы болмай жатады. Тіпті, жаңбырлы болған күндер күйзеліске батыратын сияқты. Үй жағдайында көрпеге оранып, теледидар қарап қана демалғысы келеді. Немесе күншуақ күні қуанышты, жайдарлы, бір орында отырғысы келмейтін адамдарда бар. Олар ол күні үйінде отыра алмай, серуендеуге асық болып тұрады. Расымен де адамның көңіл-күйіне ауа-райының әсері қаншалықты?
Ауа-райы мен көңіл күйді байланыстыру бұрынғы кездерден келе жатқан құбылыс екен. Ежелгі зерттеулерге қарасақ, шынымен сол кездері адамдар ауа-райына қарай әрекет етіп отырған. Мысалы, жайдарлы, күншуақ кездері олардың күнкөріс табуына үлкен ықпал тигізген. Аң аулауға, азық жинауға, т.б қызмет етуге ыңғайлы болды. Жаңбырлы, бұлтты күннің де зияны болмады. Себебі, алқапты суарып, егіншілік жайқалып жатты. Бірақ, үстері малмандай су болып, қызмет етуге кері әсерін тигізетін құбылмалы ауа-райы кейбір адамдарды да қынжылтатын.
Осы тақырып бойынша америкалық профессорлар 80-ші жылдардың басынан бері көңіл-күйдің ауа-райға тәуелділігін жиырма зерттеу нәтижелері бойынша талдаған екен. Алайда, психологтардың зерттеулері бұл интуитивті тұжырымдаманы жоққа шығарған.
Демек, ауа райы мен көңіл-күй ешқандай байланысты емес. Ал, кейбір зерттеулерге қарасақ егер адам сезімтал болса, оның көңіл-күйі ауа-райға тікелей әсер етеді екен. Әсіресе, ауа-райының жағымды болуы көтеріңкі көңіл-күймен, есте сақтау қабілетімен және көктемде танымдық стильмен байланысты болатынын анықтады. Сондай-ақ, психологтардың айтуы бойынша «Бұл нәтижелер маусымдық аффективті бұзылулар туралы мәліметтермен сәйкес келеді және ауа-райының қолайлылығы көңіл-күйді жақсартады және көктемде таным деңгейін кеңейтеді»
Жалпы көңіл-күйіміз бұл біздің өміріміздің эмоционалды жағдайы. Қуанышты жаңалық естіп не соның куәсі болсаң күншуақ күнде де, бұлтты күнде қуана аласың. Себебі, ол сенің ішкі эмоцияң. Сондықтан көңіл-күйіміздің себебін бір ғана нәрседен байқамай, әрқашан өзіміз тудырып жүрейік!
Құралай ЖАНДАРБЕК
«Тұран» университетінің студенті

3197 рет
көрсетілді0
пікір