Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 30 Наурыз, 2021

Жанқош Тұраров Дубайға жекпе-жекке аттанды

D4G Promotions промоушені қазақстандық боксшы Жанқош Тұраровтың (24-0, 17 КО) жекпе-жегін жариялады. 30 жастағы спортшы келесі жекпе-жегін 3 сәуірде Дубайда (БАӘ) өткізеді. Оның қарсыласы – британиялық боксшы Тайрон Маккенн (21-2-1, 6 КО). Бірінші жартылай орта салмақ санатындағы жекпе-жек он раундқа жоспарланған.

Айта кетейік, Тұраров соңғы жекпе-жегін 2019 жылдың шілдесінде Нұр-Сұлтанда өткізді. Онда аргентиналық боксшы Мауро Максимилиано Годойды (32-6-1, 17 КО) үшінші раундта нокаутқа жіберіп, бірінші жартылай орта салмақтағы WBO Inter-Continental титулына қолжеткізді.​

 

775 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз