Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Qazaq gazetteri TV
  • 02 Сәуір, 2021

Көпей Марқайұлы: Аурудың салдарын емес, себебін емдейміз (видео)

Басы ауырып, балтыры сыздамайтын адам жоқ деп жатамыз. Дәл сол сияқты өмірінде бір рет болса да "арқам ауырды" деп айтпайтын адам кемде кем. Арқаның ауруы бұл заңды да. Неге десеңіз, омыртқа адам ағзасындағы созылғыш және қозғалғыш ең маңызды тірек жүйесі. Табиғат адамның ең күрделі де нәзік жүйке жүйесін, жұлын мен нерв талшықтарын осы омыртқа бойына орналастырған. Жұлынды ағзамыздың басты ақпараттық арнасы деуге болады. Егер тірек қозғалысымыз бұзылса, жұлын мен жүйке талшықтарына қауіп төнеді.

Біз осы иілгіш омыртқамыздың арқасында қозғалып, жүріп-тұрамыз. Спортпен айналысып, би билеп, қалаған іс-әрекетімізді жасай аламыз. Бірақ, ерте ме, кеш пе омыртқа табақшалары түрлі жолмен зақымдалып, қызметі бұзылады. Бел, арқа, мойын омыртқаларында ақау пайда болады. Дерт осы тұста басталады. Бірақ көпшілік бұған мән бермейді. Арқаның ауруын уқалата салып немесе ауруды басатын дәрі ектіріп, қыздыратын мазьдар жағып, қорғанған болады. Бұл ауруды мүлдем емдемейді. Яғни, омыртқа табақшаларының жарылуы (грыжа) пайда болып, негізгі ауру асқына түседі.

Бұл инфаркт немесе басқа да аурулар секілді адамды ажал құштырмаса да, сыздаған арқаның салдары өте ауыр болады. Көбіне аяқтың салдануына апарып соқтырып, адамдар жүре алмайтын деңгейге жетіп жатады.

Біз сұқбаттасқан дәрігер омыртқа ауруларын емдеуде тәжірибесі мол маман Көпей Марқайұлы кейінгі жылдары омыртқа ауруларының тым жиілеп кеткенін айтып, осылайша  дабыл қағады.

Медицина саласында еңбек етіп келе жатқанына  40 жылдан асқан Көпей Марқайұлы шығыс және батыс медицинасының ем-шараларын қатар қолданып, қаншама сырқаттардың дертіне дауа тауып келе жатқан білікті дәрігер. Қытайдың медицина институтын тәмамдап, Қытай ауруханаларында жемісті еңбек еткен. Ғылыммен айналысып, бірқатар зерттеу еңбектерін жариялаған және медицина саласында біраз жаңалықтар ашып, патенттер иеленген өнертапқыш ғалым.

1997 жылы Америкалық «Эдисон» тапқырлар қоғамының көрмесінде халықаралық «Алтын кубок» марапатын иеленген дәрігер, медицина саласындағы жемісті еңбегі бағаланып, 2000 жылы Қытайдың «Ғасыр адамы»  марапатына да лайық деп танылады.

Көпей Марқайұлы - Шығыс медицинасының профессоры, Гиннес рекордының лауреаты.

2001 жылы атамекенге қоныс аударған Көпей Марқайұлы білім-білігін тәуелсіз Қазақстанның дамуына жұмсап, 20 жылдан бері елімізде аянбай тер төгіп келеді.

Тәуелсіз Қазақстандағы еңбек жолын қасиетті Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық университеттің Денсаулық сақтау орталығында меңгеруші болып бастап, университеттің профессоры атағын иеленеді.

2005 жылдан бастап Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданында жеке кәсіп ашып еңбек етіп, қазіргі «КөпейМед»  орталығының негізін қалады.

Омыртқа ауруларымен қатар, жүйке жүйелеріне суық тию, инсульт, инфаркт салдарынан аяқ-қолдың жансыздануы, қан қысымы аурулары, тері, талма аурулары, остеохондроз, ағзаның әлсіреуі, ұйқысыздық, әйелдер мен ерлердің түрлі аурулары, буын, суық тиюі салдарынан мойын мен беттің қисаюы сынды сырқаттарды табиғи жолмен емдейді.

Бүгінгі сұқбатымызда Көпей Марқайұлы омыртқа табақшаларының жарығын (грыжа, протрузия) емдеу тәсілдері туралы кеңірек әңгімелеп беруін өтіндік. Себебі, «КөпейМед» орталығына жылына мыңнан астам адам келіп емделсе, олардың 800-ге жуығы осы омыртқа ауруымен ауыратындар екен.

«Бұл ауруды емдеу жолы әртүрлі. Тіпті отаға жүгініп жататындар көп. Біздің орталықта аурудың салдарын емес, себебін тауып, емдейміз. Ең басты ерекшелігіміз де осы»- дейді дәрігер.

Ешқандай отасыз, химиясыз табиғи жолмен емдейтін дәрігерге сырқатынан құлан-таза айыққан емделушілердің жазып қалдырған алғыстары да бір кітапқа жүк боларлықтай болыпты.

«Омыртқа табақшаларының жарығы (грыжа) ауруы қазір тым өршіп тұр. Басты себебі - қимылсыздық, аз қозғалу және омыртқа жүйесіне қажетті қоректік заттардың жетіспеуі. Сондықтан жасқа да, кәріге де айтарым - қимыл-қозғалыс яғни, спортты жандарыңызға серік етіңіздер»-дейді «КөпейМед» орталығының директоры,  білікті дәрігер, профессор Көпей Марқайұлы.

41174 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз