Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • ҮРКЕР
  • 11 Мамыр, 2021

Онлайн форматта болашақ мамандықты таңдау ең маңызды іс шараның бірі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті студенті атану кез келген талапкердің арманы. Ал, мектеп қабырғасымен қош айтысуға жақын оқушылардың таңдауына университет тынысымен танысу оң әсерін тигізері хақ. Осы орайда  қараша, желтоқсан, наурыз және сәуір айларында Covid -19 пандемияға байланысты  оқу ордамыздың заң факультетінің профессорлық-оқытушы құрамы мектеп бітіруші түлектермен бірнеше рет онлайн кездесу өткізді.

         «Айналаңды нұрландыр» жобасының аясында ұйымдастырылған бұл онлайн кездесуге Қазақстаның бірнеше қалаларының  атап айтқанда Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Қызылорда, Қарағанды, Семей, Талдықорған, Тараз  қаласының орта мектептерінің,  мекетеп-гиназиялар бітіруші түлектері  және Алматы көпсалалы колледжі студенттері қатысты.

         Шара оқушылардың ҚазҰУ тарихын таныстырумен басталды. Түлектерге университет мұражайы, биологиялық мұражайы, сондай-ақ,  «Әл-Фараби» мен палеолит және археологиялық мұражайлары туралы айтылған болатын. Рухани байып, ерекше әсер алған соң мамандық таңдауға байланысты дәріс тыңдау болашақ студенттерді ерекше қанаттандырды. ҚазҰУ-дың, оның ішінде заң факультетінің тарихымен танысқан олар университетте оқудың тиімділігі, факультеттегі мамандықтарды дайындау бағыттары, қабылдау ережелері туралы толық ақпаратпен танысып, ҚазҰУ тіршілігіне ерекше қызығушылық танытты.

Бұл онлайн кездесудің ең маңызы мекетеп қабырғасында жүріп, болашық мамандықты  таңдауда үлен жұмыс атқарылды. Түлектер болашақта қандай маман иесі болатынын анықтап, өз таңдауларын жасап,  әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстанда ең үздік жоғарғы оқу орындарының бірі екендігіне көз жеткізіп, болашақта  университетің студент қатарына қосылуына өз үлестерін қосудың бірден-бір шарты, бұл алда сәуәр айында  болатын әл-Фараби олимпиядасына қатысуды жоспарлап отыр.

         Заң факультетінде оқудың кемел келешекке бастайтынын ұғынған оқушылар белгілі профессор  заң ғылымдарының докторы Джансараева Рима Еренатқызымен сұхбаттасып, қызықтырған сұрақтарын қойып, тиісінше мәнді де мағыналы жауаптарға ие болып отырды.  Мектеп бітіруші түлектер ұйымдастырушыларға алғыс айтып, ҚазҰУ студенті атануды мақсат еткендерін тілге тиек етті.

         Заң факультетінің Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының профессорлық-оқытушы құрамы талапкерлерге  оқу аудиториялары мен зертханаларды, жалпы факультеттің тыныс-тіршілігін таныстыруға әрдайым дайын. Факультет басшылығымен танысқысы келген немесе қызықтырған сұрақтарға жауап іздеген талапкерлер кез келген уақытта instagram–да  @kaznu_lawyers парақшасына байланыса алады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Заң факультетінің

Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу

 және криминалистика кафедрасының

аға оқытушысы Даубасова С.Ш.

1215 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз