Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Qazaq gazetteri TV
  • 20 Мамыр, 2021

Алматыда «Где мое кольцо? немесе Гүлдер операциясы» фильмінің жабық көрсетілімі өтті

 

Алматы қаласында мамырдың 19 күні  «Kinopark & Kinoplexx»кинотетрлар желісі және«Sulpak Cinema» бірлесіп, көрермен назарына отандық жаңа туындыны ұсынды. Әнші Айқын Төлепбергеннің «Где мое кольцо?» немесе Гүлдер операциясы» деп аталатын алғашқы фильмін бұқаралық ақпарат құралдары мен арнайы шақырылған қонақтар тамашалады.

«Бұл ән басқалардан өзгерек» демекші, комедия, драма, триллер секілді түрлі жанрлардың басын біріктірген жаңа киноның негізгі ерекшелігі – басты кейіпкерлердің өздерін сомдауы.

Негізгі оқиға әдеттегідей, шынайы махаббат хикаясына құрылады, екі ғашықтың жолында әрдайым кездесетін түрлі кедергілер, сан-түрлі кейіпкерлер мен тағдырлар, үнемі ауысып отыратын оқиғалар желісі көрерменді фильм соңына дейін тапжылтпай ұстап тұрады.

Бір қарағанда киноның сюжеті өзге фильмдерге ұқсас болып көрінгенімен, сценарийде ұтымды эпизодтар аз емес. Мәселен, көп кинода ғашықтар көзбен іштей  сөйлесіп отырған кадрларды жиі көреміз. Бұнда да екі ғашықтың арасында дәл осындай махаббат диалогы болады, ең қызығы, шетінде отырған үшінші кейіпкер оларды түсініп, ол да үнсіз әңгімеге араласып кететін тұстары көрерменді күлкіге қарық етеді. Сондай-ақ, дәрігер Бірдемейовна, ауылдан жұмыс іздеп келген жас жігіт, келін алып жатқан құда, орыстардың жерлеу рәсімі деген сияқты кейіпкерлер мен оқиғалардың алуан түрлігі киноны жандандыра түседі.

Кинодағы бір ерекше образ - әнші Төреғали Төрәлі сомдаған кейіпкер. Төреғали өзі жайлы кино түсіріп, актерлық қырымен бұған дейін де танылған еді. Бұл фильмде көрермен оны мүлдем жаңа образда байқайды.

Шынар есімді көрермен:

  • Төреғали біз үшін атақты әнші, танымал тұлға, елді аузына қаратқан ақындығы бар өнер иесі ретінде көрінуші еді. Бүгінгі образы, шыны керек таң қалдырды, дәл осындай кейіпте көремін деп ойламадым- деп өзінің әсерімен бөлісті.

Фильмде халыққа танымал актер, әншілер, тележүргізушелер және басқа да Айқынның өнердегі жолдастары ойнайды.Айта кетерлігі, бұл киноның премьерасы былтырғы жылға жоспарланған екен. Алайда, әлемде орын алған пандемия оның уақытында экранға жол тартуынатосқауыл болыпты.

Kazgazeta.kz: Фильмнен ақша табуды айтпай-ақ қояйық, шыққан шығыныңды өтей аласың ба?»

Айқын Төлепберген:Шыны керек, әу баста мен фильмді түсіруді жоспарлағанда ақшаның астында қаламын деген ниетім болған жоқ. Сахнада жүрген 18 жыл ішінде көрерменге есеп беру деген ниетпен түсірдім. Мәселе киноны түсіруге кеткен 60 миллион шығында емес, адал тыңдарманым мен көрерменімнің алдында өзімді басқа қырынан көрсету болды.

Kazgazeta.kz: Айқын, кейінгі кезде танымал әншілер бірінен кейін бірі фильм түсіріп кетті. Бұл қазіргі шоу-бизнесте сәнге айналған үрдіс пе, әлде әншілердің өзін-өзі шығармашылық тұрғыда дамытуының бір жолы ма?

Айқын Төлепберген: Біз әндерімізге өте жиі клип түсіреміз. Ол жерде де дәл кинодағыдай процесс. Актер таңдау, камера, монтаж. Қарап отырсаңыз екеуі бір-бірінен алыс емес дүниелер. Сондықтан осы жұмысымызды түрлендіріп, неге кино түсірмеске деп ойладық. Біздің киноиндустриямыз «Қазақфильмнің» өнімімен ғана шектеліп қалмауы керек қой. Қолдан келсе, жан-жақты дамытсақ, артығы жоқ деп ойлаймын.

Жаңа фильм қазақстандық кинотеатрларда 20 мамырдан бастап көрсетіледі. 

Гауһар Түстікбаева

 

 

5704 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *