Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Инфографика
  • 24 Мамыр, 2021

Қазақстан мен Өзбекстан: қай елде кәсіпкерлерге көбірек жағдай жасалған?

2019 жылы Қазақстандағы шағын бизнестің тек 12%-ы қаржы институттарының несиелерін пайдаланған, ал Өзбекстанда бұл көрсеткіш - 18,6%.

Елімізде жұмыс істеп тұрған шағын кәсіпорындардың саны биылғы жылдың сәуір айының басында 328,7 мыңды құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 22,5 мың компания көп (+ 7,3%), деп хабарлайды inbusiness.kz.

Сонымен қатар, көршілес Өзбекстанда жұмыс істеп тұрған шағын кәсіпорындардың саны 428,6 мың.  Өткен жылығы көрсеткіштен 76,5 мыңға көп (+ 21,7%).

2019 жылға арналған Азия даму банкінің есебіне сәйкес, Қазақстандағы шағын бизнестің тек 12% -ы қаржы институттарының несиелерін пайдаланған, ал Өзбекстанда бұл көрсеткіш - 18,6%.

Қазақстанда несие алу кезінде шағын бизнес үшін түрлі кедергілер болды.

Атап айтқанда:  • қамтамасыз етуді талап ететін несиелердің жоғары үлесі - 85,3%;

 • кепілдіктің жоғары құны - несие сомасынан 153,3%. 

Өзбекстанда бұл көрсеткіштер одан да қатаң.

Мәселен:  • қамтамасыз етуді талап ететін несиелер үлесі - 97,1%;

 • несие алу үшін қажет кепіл құны - несие сомасынан 172,2%.

Сонымен бірге, Қазақстанда шағын компаниялардың үштен бірінен көбіне несие алуға өтініш беруден бас тартылды. Өзбекстанда жағдай әлдеқайда жақсы: банк шағын бизнестің тек 13,8%-ына ғана несие беруден бас тартады.

Нәтижесінде шағын компаниялардың 9,3%-ы Қазақстанда кәсіпкерлікті дамытудың негізгі кедергісі - қаржыландырудың жетіспеушілі деп көрсеткен. Өзбекстанда бұл 5,7% ғана.

2020 жылы Өзбекстан шағын бизнеске 120 трлн сумға несие және қаржылық көмек бөлді, деп хабарлайды «Янги Ўзбекистон».  Нәтижесінде, пандемиядан зардап шеккен 104 мыңнан астам компания өз қызметін қалпына келтірді, ал жеке кәсіпорындардың айналым қаражаттары өткен жылмен салыстырғанда 33% өсті.  Заңды тұлғаларға берілген микрокредиттер көлемі 21,7% -ға артты және 2021 жылғы сәуірдің басында 11,2 трлн теңгені құрады.

Қазақстанда шағын кәсіпкерлікке берілетін несие көлемі бір жыл ішінде 14,2% өсіп, 2,4 трлн теңгеге жетті.
 

1688 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз