Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Инфографика
  • 25 Мамыр, 2021

Қаражатты қай банктерге салған тиімді?

Халықтың депозиттері бір айда 296 млрд теңгеге өскен. Қазақстандық ең ірі 10 банктің жетеуі плюсте екен. Бөлшек салымдар портфелі  11,6 трлн теңгеден асқан. Бұл туралы өз сайтында Finprom.kz хабарлайды.

Бөлшек салымдар сәуір айына соңғы бір ай аралығында 2,6%-ға (немесе 259,7 млрд теңге), 11,63 трлн теңгеге дейін артқан. ҚР ЕДБ (екінші деңгейдегі банктер) ТОП-10-дығының жетеуі және жалпы сектор бойынша алғандағы 18 банктер де плюсте екен. 
ТОП-ондықтағы айлық өсімнің абсолютті үздігі – ForteBank: плюс 9,3%, мұндағы бөлшек салымдар ауқымы 581 млрд теңгеге дейін жеткен. Бұл банк өз клиенттеріне жұмсақ та жайлы, қаржысын еркін түрде алуды және толтыруды, сондай-ақ мөлшерлемесі бойынша неғұрлым тиімдірек жинақ ақша салымдарын ұсынады. Дәл қазіргі уақытта банкте мұнда ұсынылып отырған қосымша арқылы салымдар ашу тиімдірек, дейді банктің мамандары. 
Соңғы бір айдағы өсім бойынша екінші орында – Kaspi Bank (+6,4%). Бұл банк тек жұмсақ салым ғана ұсынып отыр, олардың топтамасында өзге өнімдер қарастырылмаған. Үздік үштікті Jusan Bank (бір айдағы көрсеткіші +3,5%), жинақ ақша салымдар мұнда пайдалануға рұқсат етілген.


  Осы сектордағы дамудың жылдық серпіні қорытындыларына сәйкес, бөлшек салымдар 17,5%-ға өскен. Үздік ондықтағылардың бірден 9-ы (басқа банкпен бірігу үдерісіндегі АТФБанктен өзгелер), біз қарастырып отырған айлық өсімдердің үштігін қоса есептегендегі бәрі плюсте екен. ҚР ЕДБ-тердің жалпы депозиттік қоржындарындағы бөлшек салымдар үлесі 51% құрайды (бір жыл бұрын – 51,7%). 
ForteBank-тің қоржынында халықтың салымдары 35,3% көлемін құрапты. Сондай-ақ банктің корпоративтік портфелі де плюсте (айлық өсім 3,8%-ға және жылдық өсім бірден – 30%-ға артқан) екен. Қорытындысында бұл қаржы институтының жиынтық депозиттік портфелі бір айда 5,7%-ға және жылдық көрсеткіште – 18,6%-ға артқан. 
Jusan Bank-тің қоржынында бөлшек салымдар ауқымы 51,8% көлемінде. Банктің корпоративтік салымдары айлық серпінде 5,3% минуске төмендеген. Алайда, жылдық сипатта бұл көрсеткіш әлі де болса – 27,8% плюсте. 
Бұл ретте Kaspi Bank – іс жүзінде толықтай бөлшек сауданы қамтамасыз ететін банк, мұндағы халықтың салымдары ауқымды 91,4% көлемін алып жатыр. Корпоративтік сегментте бұл банк – бизнес депозиттерін қолданатын – үздік ЕДБ-тер ондығы құрамына кірмейді де екен.

Иса ҚАМБАР

1304 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *